Өндірісі өрге басқан Ноғайбай ауылы

Өндірісі өрге басқан Ноғайбай ауылы

Елбасының "Рухани жаңғыру" атты ауқымды, кешенді бағдарламасы аясында біршама ірілі-ұсақ мемлекеттік жобалар жүзеге асты және әлі де жүзеге асып келеді. Мақалада айтылғандай, "Туған жер" бөлімі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Аталған ауқымды жобаның аясында жүзеге асқан және болашақта әлі де дами түсетін аймақ – Қордай ауданы мен аталған аудандағы Ноғайбай ауылы. 

Мемлекеттік құрылым, үлкен республикалық тұтастық кішкентай ғана ауылдар мен елді мекендерден басталады. Олардың көркейіп дамығаны – мемлекет дамуының кепілі. Халық өркениетінің фундаменталды құрылымы деуге де болады. "Туған жер" бөлімінің аясында жүзеге асқан "Өндірісі өрге басқан Ноғайбай ауылы" жобасы – инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жоба. Оның негізінде Ноғайбай ауылында тау-кен өндірісі кешенін дамытып, жол, жарық, металлургия саласында білім беру істері қолға алынды. 2018 жылдың аяғына дейін аяқталып, іске асқан бұл жобаға қатысты Қордай ауданының әкімі Қайрат Досаев пікір білдірді. 

"Мемлекетіміздің тәуелсіздігі тарихында бүкіл Қазақстандағы сияқты, Қордай ауданында да әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алды. Қордай ауданы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында экономикалық әлеуеті жоғары аудана айналды. Қордайдағы Ноғайбай жұрты Елбасының бағдарлама аясында жүктеген міндеттерін орындау мақсатында бірігіп, зор мүмкіндікті пайдаланып еңбек көрігін қыздырып келе жатыр" - дейді ауданның экс-әкімі. Қазір Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі. Төрт жылдан аса өзі қызмет еткен ауданда "Өндірісі өрге басқан Ноғайбай ауылы" атты жоба толықтай жүзеге асып, бюджеті 60 миллион теңге болатын, Қордай ауданының дамуына бағытталған, 2020 жылға дейін орындалуы тиіс бағдарлама қабылданды. Оған дейін Ноғайбау ауылдық округінде бірқатар оң өзгерістер болып үлгерді. 

Ауыл ғана емес, тұтас ауданның экономикалық шамасы көпсалалы өнеркәсіп өндірісімен тығыз байланысты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде Қордай ауданында 2010-2014 жылдарға жоспарланған, құны 8,3 миллиард теңге болатын 4 ірі жоба іске асты: "Куликов сүт өнімдері", "Үміт Қордай", "Central Asia Gold Production" және "VISTA INTERNATIONAL" ЖШС-тары. 

Ал 2015-2019 жылдарға жоспарланған құны 60,4 миллиард теңгелік 5 жоба енгізілді. Олар: Қарасай ауылдық округінде "Қырғау" алтын өндіру кенінде орналасқан "Алатау Қордай" ЖШС, "Aurum Deutchland AG" (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС, Қордай асуында "Ветро Инвест" ЖШС және "Первомайские деликатесы" ЖШС. Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылдық округінде GLP стандарттарына сәйкес ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинаты мен "Биовет KZ" ЖШС GMP құрылысы басталды.

Ел дербестігінің алғашқы жылдары күн тәртібіндегі маңызды мәселе тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету болды. Қазір бұл проблема "Ауызсу", "Ақбұлақ" бағдарламалары арқылы шешімін тауып келеді. Мысалы "Қордай Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК бүгінде 14 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз етіп, ұзындығы 278 километр су құбырына техникалық қызмет көрсетеді. Бұл факторды болашақта ауылшаруашылық, инфрақұрылымдық мақсатта жүзеге асыру жоспарланған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар