Меморандум: Елбасы кітапханасы мен Гейдар Әлиев орталығының ынтымақтастығы

Меморандум: Елбасы кітапханасы мен Гейдар Әлиев орталығының ынтымақтастығы
Фото: vk.com

Бүгін, яғни 27 маусым күні көршілес мемлекет Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Гейдар Әлиев орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов пен Гейдар Әлиев орталығының директоры, Гейдар Әлиев Қорының атқарушы директоры, Әзірбайжан Республикасы Бірінші вице-президентінің көмекшісі Анар Алакбаров қол қойды.

Меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Әзірбайжанның мемлекеттік, саяси қайраткері, Әзірбайжан Президенті Гейдар Әлиевтің идеялары мен бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ, жастар саясаты саласындағы, елдердің қалыптасуы мен даму тарихын және екіжақты қатынастарды зерделеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық. 

Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды.  Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. "Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен көрші мемлекеттердің де танысу мүмкіндігі туады. "Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" аясында ұйымдастырылатын осындай шаралар еліміздің мықты діңгегі, яғни, ұлттық ерекшелігіне назар сала отырып оның жаһандық заманда ойып тұрып орын алған мемлекет екенін сан мәрте дәлелдейді.

А. Оралқызы