Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Көзайым / Астанаға ажар қосқан 10 мурал

Астанаға ажар қосқан 10 мурал

Астанаға ажар қосқан 10 мурал

Бүгінде стрит-арт  көше бұзақыларының шимай-шатпағы емес, заманауи сурет өнерінің бір бөлігіне айналды. Ал муралдар қала ажарына көрік қоспаса, оны бұзбасы анық. Бұған стрит-арттың астанасы саналатын Лондон, Берлин, Лиссабон сияқты әлем шаһарлары мысал бола алады. 20 жылдық мерейтой қарсаңында Астанада да көше суретшілерінің түрлі фестивальдері ұйымдастырылып, елорда әрлене түсті. Стрит-арт өкілдерінің Астанаға ажар қосқан муралдарын назарларыңызға ұсынамыз. 

"Astana Street Art" фестивалі аясында салынған муралдар

1. Ықылас 

Орналасқан жері: Кенесары көшесі, 63 үй

(сурет: instagram.com/kulanshi)

«Tigrohaudcrew» командасы мен қазақстандық суретші Нұрлан Килибаевтың коллаборациясының нәтижесі - "Ықылас" туындысы. Көз жауын алатын бұл мурал көше тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді деп сенеміз. 

2. "Үлкен қала балалары"

Орналасқан жері: Бараев көшесі, 6/1 үй

(сурет: instagram.com/kulanshi)

Астаналық "Canbrush" командасының туындысы мегополис тұрғындарының қызу өмірінен сыр шертеді. 

3. "Бәйге"

Орналасқан жері: Күйші Дина көшесі, 15 үй

(сурет: instagram.com/kulanshi)

«Tigrohaudcrew» командасының "Бәйге" атты муралы жоғарыдағы авторлардың идеясымен астасып жатқан сияқты. Өмір бәйге.

4. "Like"

Орналасқан жері: Абай даңғылы, 67 үй

(сурет: instagram.com/kulanshi)


Сурет авторы Андрей Repas текті, ақылды әрі әдемі жануар саналатын жылқы мен заманауи адамның қызығушылығын осылай ұштастырған екен. 

5. "Қызғалдақ"

Орналасқан жері: Республика даңғылы, 34/2 үй

(сурет: instagram.com/kulanshi)

Алматылық «Tigrohaudcrew» командасының тағы бір тамаша туындысы бір жағынан жаңаруды меңзесе, екінші жағынан өткенді ұмытпауға шақырады. 

 

"Urban art Astana" фестивалі аясында салынған муралдар

6. "Табиғат тақырыбындағы коллаж"

Орналасқан жері: С409 көшесі, 47 үй

(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)

Ресейлік суретші Евгений Чес өз туындысы арқылы қала тұрғындарына табиғат пен адамның арасындағы жіпсіз байланыс пен оны бұзбаудың маңызын еске салып тұрғандай.   

 

7. "Тарихқа аллегория"

Орналасқан жері: Есенберлин көшесі, 30 үй

(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)

Тарих пен бүгіннің байланысын ресейлік суретші Константин Змогк өткенді парақтап отырған жас қыз образында беруді жөн көріпті. Сурет заманауи стильде салынып, қанық түстермен боялса да, беймаза күйге бөлейді.  

8. "Сәкен Сейфуллин"

Орналасқан жері: Сарыарқа көшесі, 19 үй

(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)

"Арт группа 310" командасы дәстүрлі сурет өнері мен заманауи технологияларды тоғыстыру арқылы салған Сәкен Сейфуллиннің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді.

9. "Қорғаушы"

Орналасқан жері: 187 көше, 16/4 үй

(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)

Қазаннан келген Дамир Бозик табиғаттан асқан суретші жоқ дейді. Өз туындысында ол тау барысын қорғаушы образында берген.  

10. "Астана сәулеті"

Орналасқан жері: Сейфуллин көшесі, 11 үй

(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)

Ресейлік суретші Маким Реванштың муралы Астана сәулет туындыларының "миксі" іспеттес. Біз де келешекте Астана сәулетімен ғана емес, көз тартар стрит-арттармен ерекшеленетін қалаға айналады деп сенеміз.

Дереккөз: el.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: instagram.com/kulanshi
Қосылған күні: 08 шілде 2018, 16:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.