«Шай ішейік» бағдарламасы өнер адамдарын жаңа қырынан ашады

«Шай ішейік» бағдарламасы өнер адамдарын жаңа қырынан ашады
Фото: tv7.kz

"Жетінші арна" өз көрермендерін тағы бір "Шай ішейік" бағдарламасымен қуантады. Қалжыңға жақын бағдарлама жүргізушісі Нұриддин Бидосовты көрермендер «7NEWS», "Аян. Дала аңыздары", "Кешкі шай", "Кім білген" бағдарламаларын жүргізгеннен  бері жақсы таниды. Алайда бұл жолы Нұриддин өз отандастарын шоу-бизнес жұлдыздарымен еркін әңгімелесумен қуантуды мақсат етті.

Бұл жобадан көп алдында жарқырап жүретін жұлдыздарды өзге қырынан, яғни бейресми, үйдегідей жағдайда көре аласыздар. Олар өздері туралы әдеттегіден де көп әңгімелейді және өздерінің шығармашылық жұмыстарымен де кеңінен бөліседі. Шай үстінде бағдарлама жүргізушісі жұлдыздармен еркін және шынайы әңгімелесіп, кейде құйтырқы сұрақтар қойып, қонағын біраз састырып та алады. 

Нұриддин Бидосов өзінің жаңа ампуласы туралы былай дейді: "Адамның ақылды екенін сірескен түрі көрсетпейді, керісінше, өзінің кейбір кемшіліктеріне күле білетін, өзінің осал тұсын көре білетін мәрттігі айшықтайды. Жұлдыз да жұмыр басты пенде. Олардың қарапайым жұртқа тән адами келбетін көру‚ оның сахнадағы жарқыраған бейнесін көргеннен бетер қызық.''

— Бағдарламадағы тақырыптарды өмірдің өзінен аламыз. Кейде әлгі адамның әлеуметтік желідегі парақшасына бір көз жүгіртіп-ақ оның кім екенін, онымен қалай әзілдесуге болатынын, нендей әуресі барын біле қоямыз. Біле білсеңіз, селфидің өзі ол туралы көп мәлімет береді. Кейбіреулер біздің жұлдыздарымызды тырнақ астынан кір іздейтін кінәмшіл деп жатады. Шын мәнінде олай емес. Өзіміз сияқты олар да дөрекі сөздерге ренжиді, ал енді дұрыс сөйлессең, таза пейіліңді түсініп, сұрағыңды оң қабылдайды‚" — дейді кеш жүргізушісі.

— Біздің бағдарламамыздың өзгелерден тағы бір ерекшелігі, біз тек студияда ғана әңгімелеспейміз. Камерамен бірге оларды дүкен, подъезд, фитнес-клубтың душы секілді өздері күтпеген жерлерде тосып алып, білдірмей түсіреміз. Сосын әжуалап, біраз терлетіп те аламыз. Маған мысалы, жалған таксист жігітіміздің Асхат Тарғынды айдалаға апарып тастап кеткені қатты ұнады. Жасын Қанбаевтың үйіне жындыханадан қашып кеткен науқас боп барған кезіміз де қызық.  Сонымен бірге, көшедегі кездейсоқ жандар жұлдыздарға сан қилы ыңғайлы да, ыңғайсыз сұрақтар қойып күлдіреді. Қонағыма студияда әртүрлі тапсырмалар берем. Қысқасы, көрген көрермен өкінбейді, — дейді Нұриддин Бидосов.

Бағдарлама шынайылығымен, еркін өтетіндігімен және  жүргізушінің тапқыр әзілімен ерекшеленеді. Нұриддин Бидосовтың табиғатынан әзілге жақын жан екені көрініп тұрады және оның ақжарқын көңілі мен қызықты бағдарламасы, көрген кісіні баурап алады. 

Н. Үсенова