Оралда әуежай ашылады

Оралда әуежай ашылады
Фото: www.aktau-business.com

Орал қаласының әуежайы 2015 жылы 10 қазанда мерзімінен бұрын ашылады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарлады, - деп жазды baq.kz порталы.

Жөндеу жұмыстарын белгіленген уақыттан бұрын тездетіп аяқтау жөніндегі шараларды ҚР ИДМ Азматтық авиация комитеті мен жұмыстың бас мердігері бірлесіп қолға алды. Әуежайдан ұшып-қону таңертеңгі және кешкі уақыттарда жүзеге асады. Ал қалған уақытта жарықтық белгі беру құрылғыларын орнату және ұшып-қону жолақтарының жіктерін жабу жұмыстары жүргізіледі.

Нысанды мемлекеттік қабылдау рәсімдері 2015 жылдың қарашасында басталады. Қазақстандағы заманауи ұшақтарды қабылдауға әуежайдың ұшып-қону алаңдарының мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ҚР Үкіметі 2014 жылы қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлген еді.

Қазіргі уақытта Бас мердігер нысанды қайта жөндеу жұмыстары бойынша жолақтарды кеңейтіп, ұзарту және үстіңгі жабынды қабатын нығайту жұмыстарын аяқтады. 

@. @assel_assanova