Массагет порталында «Туған қалаңды таныстыр!» атты жаңа жоба басталды

Массагет порталында «Туған қалаңды таныстыр!» атты жаңа жоба басталды
Фото: Мassaget.kz

Құметті оқырман қауым! Массагет порталы «Туған қалаңды таныстыр!» атты жаңа жобаны қолға алды.

Жобаның басты мақсаты – еліміздегі қалаларды насихаттап, оларды жақынырақ таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жоба бойынша кез келген оқырман Массагет сайтына өздері тұратын қала туралы мақалалар жолдай алады. Оқырмандардан өз өлкесінің ерекшеліктері, бай табиғаты, қызықты орындары мен тарихи орталықтары туралы сапалы жазбалар күтеміз.

Өзіңіздің көрікті шаһарыңызды барша қазақ жұртына таныстырамын десеңіз, жобаға ат салысыңыздар. Мақалаларға ешқандай шектеу қойылмайды. Ең бастысы мақала арқылы өз қалаңыздың сұлу келбетін, ерекшелігін көрсете білсеңіз боғаны. Қалаңыздың тек тарихын ғана жазып қоймай, өзіндік ерекшелігін жаңаша форматта жеткізіңіздер. Мақалаларыңыз сапала суреттермен көркемделсе әсте жақсы болар еді.

 Қызықты мақалалар жаңадан ашылған «Мәңгілік ел» айдарының «Көзайым» бөлімінде жарияланады.

Сенің өлкең – сенің мақтанышың. Ол мақтаныш – қазақ елінің байлығы. Өз байлығымызды бағалайық!

Мақалаларды massaget.kz@gmail.com поштасына жолдаңыздар. 

Қосымша ақпарат алу үшін 87273888119, 87273888118 нөміріне хабарласа аласыздар.

Ш. Талап