#1 карта мен жаңартылған ATF24-пен бірге максимум кэшбэк

#1 карта мен жаңартылған ATF24-пен бірге максимум кэшбэк
Фото: vk.com

Қазіргі заманда кез келген қазақстандық азамат өзінің қаржы сауаттылығын арттыруға аса мән беріп жатпайды. Десек те, мамандар өз бюджетіңізге мұқият блолуға кеңес береді. Назар аударатын басты мәселе – бұл кіріс пен шығыс есебін жүргізу.

Теориялық тұрғыдан алсақ, айдың соңында ақшаңыз артылу үшін сіз ақшаны табатын ақшаңызға қарағанда азырақ жұмсауыңыз керек, осылайша қалған қаражатыңызды әрі қарай өсе беретіндей және болашақта қажетіңізге жарайтындай етіп сақтағаныңыз жөн.

Бірақ, өз шығындарыңызды шектей алмайтын жағдайда не істеу керек? Әрине, өзіңізді бәрінен шектеп, барлық нәрседен бас тартуға да болмайды – сергітетін бір саптыаяқ кофе немесе басқа да ұсақ-түйек нәрселер бюджетіңізге қатты әсер ете қоймас. Сондай-ақ, жасаған саудаңыз көңіл-күйіңізді көтеріп, өміріңіздің басқа саласында пайдасын тигізетін болса – ақша жаратуды жалғастыра беріңіз. Бар болғаны ақшаны сауатты түрде жаратыңыз – атап айтқанда, кэшбек сияқты қаржы құралын пайдаланыңыз.

АТФБанктің #1 вертикалды картасы да ұсына алатын кэшбек-сервистің заманауи жүйесі кез келген саудадан: Еуропа бойынша турдан бастап бір қаптама аспиринге дейін елеулі түрде үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның мәні мынада – егер сіз шопинг жасау әдістерінде өзіңіздің қажеттіліктеріңіз бен ұнататын заттарыңызға мұқият талдау жасайтын болсаңыз, онда көп жағдайда картамен төлем жасауға болатындығын түсінесіз. #1 вертикалды картаның кэшбектер жүйесі осындай әдіспен төлем жасау арқылы карта иесінің ай сайын өз шотына сауда немесе басқа да қолма-қол ақшасыз шығындарға жұмсалған сомадан белгілі бір пайызды қайтарып алуын қарастырады. Оған қоса вертикалды картаны пайдалану жағдайында мәселе бонустар жайлы емес, нақты ақша жайында болып отыр.

Және бұл аз сома емес – бірге санап көрейік:

- АТФБанктің вертикалды картасы арқылы базалық кэшбек 1,5%-ға тең,

- кемінде 500 мың теңге сомасында депозиті бар клиенттерге плюс 1,5%,

- карточкалық шотта кемінде 400 мың теңге сомасында төмендетілмейтін қалдық болатын жағдайда тағы да 1,5 %,

- және Mastercard Black Edition топтамасын ашу жағдайында плюс 0,5%.

Осылайша, #1 вертикалды карта бойынша кэшбек жинақталып, карта бойынша қолма-қол ақшасыз операциялар үшін 5%-ға жетуі мүмкін.

Алайда АТФБанк клиенттері үшін мүмкіндіктер мұнымен де бітпейді. 2019 жылғы 25 қарашадан 31 желтоқсан аралығында банк кэшбектерді аса жоғары деңгейде арттырады! Мұндай акцияға ATF24 мобильді банкингінің жаңартылған нұсқасының іске қосылуы себеп болып отыр. 6%-ға дейінгі жиынтық кешбэкке қол жеткізу үшін акцияға қатысу қажет, жай ғана – әрі қарай санаймыз:

- интернет-банкингте тіркелгені үшін қосымша 0,5 %-ды #1 вертикалды картаның барлық жаңа иелері, сондай-ақ қолдарында картасы бар, бірақ ATF24-ке «қолдары жетпей жүргендер» алады – енді міне онымен танысуға жақсы себеп табылды!

- бір-екі қарапайым «айла-амал» үшін де кешбэк алуға болады – онлайн-банкинг арқылы 3 мың теңгеден басталатын сомаға ұялы байланыс үшін төлем жасау және вертикалды карточканы өзіңізге қолайлы кез келген әдіспен 30 мың теңгеден басталатын сомаға толықтыру: cashin-

банкоматтары немесе Касса24 терминалдары арқылы басқа банк картасына. Осылайша сіз тағы 0,5 % қосымша кэшбекке ие боласыз.

Есіңізде болсын, үнемделген ақша – бұл ақылмен табылған ақша. АТФБанктің #1 вертикалды картасы мен жаңа мобильді банкингінің көмегімен ақшаңызды өзіңізге пайда келтіретіндей етіп жаратыңыз!

Серіктес мақаласы

А. Оралқызы