Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда жасалған / АТФБанк – Private және Retail сегменттері бойынша Қазақстандағы үздік банк
АТФБанк – Private және Retail сегменттері бойынша Қазақстандағы үздік банк

International Business Magazine беделді басылымының тұжырымы бойынша АТФБанк ағымдағы жылдың өзінде «Best Retail Bank Kazakhstan 2019» және «Best Private Bank Kazakhstan 2019» сияқты екі номинация бойынша қазақстандық үздік банк ретінде танылған.

«International Business Magazine» – халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып жергілікті және халықаралық нарықтарды зерттеумен айналысатын және өз саласындағы үздік компанияларды көпшілікке танытатын іскерлік журнал. Өзінің жыл сайынғы зерттеулері мен талдаушылардың пікірлеріне сүйене отырып, басылым дүние жүзі бойынша бизнестің түрлі бағыттарындағы көшбасшыларды анықтайды.

International Business Magazine атап өткендей, осы жылы айтулы сыйлық қатысушыларын бағалауда мынадай негізгі критерийлер басшылыққа алынған: ұсынылатын банктік өнімдер мен олардың артықшылықтары, бизнестің тұрақтылығы мен тиімділігі, клиенттермен қарым-қатынастар, инновациялық шешімдер мен қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік және т.б. Зерттеу нәтижелері бойынша АТФБанк өз қызметіне қатысты жоғары бағаға ие болған.

АТФБанк private сегментінде тағы да Қазақстандағы үздік банк болып танылды, сондай-ақ бөлшек сегменттегі үздік банк дәрежесін иеленді. АТФБанктің Басқарушы директоры Руслан Волынецтің айтуынша, «АТФБанк» мәртебелі клиенттерге қызмет көрсету бойынша осы тәрізді награданы бірінші рет алып отырған жоқ. Осындай беделге ие болған әрбір сәт біз үшін аса маңызды, себебі тәуелсіз әрі сараптамалық баға әрдайым біздің мәртебелі сервисті жақсы меңгергенімізді және оны іске жүзеге асыра алатындығымызды растайды. Сондай-ақ екінші награда біздің мерейімізді арттыра түсті – бұл АТФБанктің өзінің алдағы бес жылға арналған стратегиясын табысты түрде іске асыра алатындығының дәлелі.

АТФБанк сенімді түрде Қазақстанның ірі банктерінің қатарына кіреді. Мысалы, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне қарай бүгінгі күні АТФБанк нарықта тиісінше 5,4% және 5,1% үлеске ие болу арқылы активтер мен жиынтық депозиттік портфелінің көлемі жағынан 6-шы орын алады, 7,2%-ды құрайтын нарықтық үлесімен кредиттік портфелінің көлемі жағынан банк көшбасшылардың бірінші бестігіне кіреді. Кредиттік портфельдің сапасы да назардан тыс қалмайды – жыл басынан бері NPL деңгейі 9,25%-дан 8,31%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар қазақстандық ұлттық шкала бойынша АТФБанктің рейтингісі «kzBB» деңгейінде белгіленген.

Серіктес мақаласы

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: АТФБанк
Қосылған күні: 07 қараша, 10:57