"Қазпоштада" лотерея билеттерінің сатылымы басталды

"Қазпоштада" лотерея билеттерінің сатылымы басталды

3 мамыр күні "Қазпошта" АҚ барлық бөлімшелерінделотерея билеттерінің сатылымы басталды, деп хабарлайды Ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз".

Қазіргі таңда қазақстандықтарға "TeleBingo", "Keno", "777",  "Loto 6/49" тираждық лотереялары, сонымен қатар "777" лездік лотерея билеттері қолжетімді. "Жомарт 3", "Алтын" , "3 Алмаз" лездік лотерея билеттері де жақын арада сатылымға түседі.

Айта кететін жайт, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде сатып алынған билеттердің кескіні өзгеше болып келеді.

Билеттерді барлық  "Қазпошта" бөлімшелерінде, "Сәтті Жұлдыз" сату орындарында, және де "Сәтті Жұлдыз" сайтында билетте көрсетілген нөмірлерді ұтыс нөмірлерімен салыстыра отырып тексеруге болады.15 000 теңгеге дейінгі ұтыстар барлық "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде төленеді, ал 15 000 теңгеден жоғары ұтыстар "Сәтті Жұлдыздың" флагмандық сату нүктелерінде төленеді.

"Қазпошта" АҚ – Дүниежүзілік пошта одағында Қазақстанның пошталық әкімшілігініңөкілі, сонымен қатар жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементі болып табылатынҚР пошта байланысының операторы. "Қазпошта" АҚ қарамағында бүкіл Қазақстанның аумағын, әсіресе аймақтық және ауылдық деңгейде қамтитын, еліміздегі ең ауқымды филиалдық желі бар.

Серіктес мақаласы


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Бүгін үш ойын өтеді