"Сәтті жұлдыз" жеңімпазын іздейді

"Сәтті жұлдыз" жеңімпазын іздейді
Фото: zakon.kz

Кеше "Loto 6/49" ойының арнайы тиражы бойынша супер-сый иегері белгілі болды. Ұтыс сомасы – 24 564 426 теңге. “5 сан және қосымша шар” санаты бойынша жеңіске жеткен. Жеңімпазды IT-жүйе мына мекен-жай бойынша анықтады: Қарағанды қаласы, Степной-4 мөлтекауданы, “Алмас” дүкені.


Сәтті билетті сатушы да “Сәтті жұлдыз” лотереясының операторларынан қосымша бонус алады: ол ұтқан мөлшердің 1 пайызы, яғни 240 мың теңгеден жоғары.


"Loto 6/49" ойыны 2018 жылдың 21 наурызында басталған болатын. Ұтыс ойыны әр сәрсенбі сайын өтеді. Бүгінде ұлттық "Сәтті Жұлдыз" ұтыс ойыны бойынша қазақстандықтар 800 миллион теңге көлемінде ұтысқа ие болған.

Т. Есқали