Көкшетаулық зейнеткер бір күнде миллионер атанды

Көкшетаулық зейнеткер бір күнде миллионер атанды

82 жастағы көкшетаулық зейнеткер "Сәтті Жұлдыз" лотореясында небәрі екі рет қана бәс тігіп, миллионер атанды. Қария екі рет бағын сынап, екеуінде де 550 000 теңгеден ұтып алды.

"Кено" ойынының кезекті тиражында миллионер атанған алғашқы жеңімпаз ерекше жолмен таңдалды. Шыққан 20 санның тең жартысы 70 пен 80 аралығында болды. Мұндай сәйкестік 9 миллионда бір кездесуі мүмкін. Ал жеңімпаз атанған қария 60 пен 80 аралығын таңдаған.

Жалпы бұл тираждың жүлде қоры 3 127 500 теңгені құрады. Жеңімпаздар саны - 1325.

Атырау мен Қызылорда қаласының бір-бір тұрғыны да жарты миллион теңге ұтысқа ие болды. Атыраудағы жеңімпаз анықталып үлгерді. Ал Қызылордадағы ұтыс иесі әзірге белгісіз. Ол бәсін Чайковский көшесіндегі Арай дүкенінен 10 қыркүйек күні қойған.

Айта кетейік, елімізде бірегей "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заң бар. Осы Заң аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотерея операторы болып айқындалды. 2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын еліміздегі спорттың дамуына бөлетін болады. 

Н. Үсенова