"Шыңғыс хан" жел қозғалтқышы – инновациялық өнертабыс

"Шыңғыс хан" жел қозғалтқышы – инновациялық өнертабыс
Фото: urbaneecken.org, Facebook

"Шыңғыс хан" жел қозғалтқышы – зырылдауық бейнелі желдік генератор. Оның негізгі артықшылығына әуе ағынын көлемді жинау арқылы жоғары энергетикалық сипаттама беретін бірегей құрылымы жатады. Оның зырылдауық бейнелі пішіні гироскоптың жұмыс істеу принципін жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, желдің максимум жылдамдығында максималды орнықтылықты арттыратындықтан, турбина экстремалды желдің өзінде жұмыс істей береді. Құрылым ауаны «кеспейді», шу шығармайды, қышқылданбайды және құрылымындағы базальт материалының есебінен мұзданбайды. Мұндай құрылым секундына 1-2 метр минималды жел күшін қолдану арқылы  желдің кез келген бағытымен жұмыс істей алады. Ал дәстүрлі жел трубиналары секундына 5 метрден бастап жұмыс жасайды.

«Шыңғыс хан» жел қозғалтқышының қарапайым әрі ыңғайлы құрастырмалы-ағытпалы құрылымы бар. Ол монтаждауға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге оңай болып келеді. Ол дербес немесе басқа да энергия көздерімен қатарлас жұмыс істей алады. Оның бағасы жоғары емес және сол саладағы басқа зерттемелермен бәсекелесе алады. Аз қуатты жел қозғалтқыш жеке үйлер мен коттедждерге дербес немесе электр энергия көздерімен бірге қолданыла алады. Қондырғы бағасы 30 мың доллардан аспайды, ал шетелдік аналогтар 350 мың доллар шамасында тұрады.

Бұл өнертабысты ойлап табушылар – Константин Стахнов, Арман Ақмұханов және Талғат Рахаділов. Ал жетекшісі – Әділхан Айдарбек. Бұл топ жұмысты 2011 жылы бастаған.

2015 жылы қазақстандық бұл жоба АҚШ-тағы GIST Tech-I халықаралық инновация конкурсына қатысып, финалға шықты. Конкурсқа әлемнің 86 елінен өнертапқыштар мен кәсіпкерлер қатысқан.

«Шыңғыс хан» желдік генераторы ЭКСПО-дағы ең жақсы идеялардың бірі ретінде қарастырылды. Себебі, бұл жобада көбірек жел энергиясы өніміне қол жеткізу үшін белгілі аумақтардағы нақты географиялық және экономикалық жағдайға қалай бейімделу керектігі көрсетілген.

А. Жапатова