Жарнама Арманыңа мүмкіндік бер

Арманыңа мүмкіндік бер
Фото: Paparazzi club

Қазақстанда "Loto 6/49" лотереясының алғашқы тікелей эфирі өтті. Ұйымдастырушы – лотереялар операторы "Сәтті Жұлдыз" компаниясы. Ойында 11 220 қатысушы болды, супер приз – 20 миллион 269 мың 392 теңге.

"Арманыңа мүмкіндік бер" – біздің лотоның ұраны. Бүгін оның бірінші тиражы өтті. Бізге бұл лотереяны "үлкен лото" деп атаған ұнайды. Біздің компания ұйымдастыратын лотерея түрлерінің барлығы еуропалық және батыстық стандарттарға сай келеді. Біздің серіктесіміз, халықаралық Scientific Games International компаниясының арқасында әділдікке және жариялыққа кепілдік бере аламыз. Бұл лото Қазақстанның ең қатаң стандарттары мен заңдылықтарына сәйкес келеді",– деді "Сәтті Жұлдыз" компаниясының президенті Александр Тен.

Ойынға қатысу үшін лотерея билеттерін сататын жерге барып, "Loto 6/49" тегін купонын алу керек, бірақ ол лотерея билеті емес. Купонға әрқайсысы 200 теңге тұратын мөлшерлемелерді толтырып, оны лотерея агентіне беру керек. Агент оны жүйеге тіркеп, түбіртек түріндегі лотерея билетін басып шығарып береді, оны тираж өткенше сақтау қажет.

"Лотерея – адамдарға қуаныш пен үміт сыйлайтын керемет қоспалық өнім. Сонымен қатар, оның әлеуметтік салмақты бағыты бар. Тап соның есебінен көптеген инфрақұрылымдық нысандар салынады, олимпиада ойындары өткізіледі, спорт және тағы да басқа салалардың дамуы қаржыландырылады – осының барлығы әлемде лотереяны өте ерекшелеп тұрады. Қазақстандағы біздің жұмысымызға келер болсақ, біздің лото әр үйге бақытты және қуанышты өзгерістер алып келсе деп шын ниеттен тілейміз және әрдайым себепкер болып отырамыз",–деді "Сәтті Жұлдыз" президенті.

Оның айтуынша, компанияның алға қойған жоспарлары өте көп.

"Бізде және серіктестерімізде лотереялық ойындардан тәжірибе мол, сондықтан біз оларды үнемі жақсартып отырамыз, кейбірін жаңартып, модернизациялап және қызықты бола түсу үшін барлығын жасауға тырысамыз. Құпиямды айтайын: жақында Қазақстанда жаңа мезеттік лотереяны іске қосу жоспарланып отыр",– деді Александр Тен.

"Loto 6/49" тікелей эфирін әр сәрсенбі сайын сағат 17:45-те "31 арнадан" көруге болады.

@. @assel_assanova