Ақтауда күннен қуат алатын жаңа зауыт салынады

Ақтауда күннен қуат алатын жаңа зауыт салынады
Фото: 24.kz

Ақтауда энергияның баламалы көздерін дамыту қолға алынбақ. Шаһарда күн сәулесінен қуат алатын жаңа зауыт салынатын болды.

Қуаттылығы 50 мегаватт болатын зауыттың құрылысы инвесторлардың қаражатымен бой көтермек. Электр станциясының жанынан теңіз суын тұщытатын кәсіпорын да қоса тұрғызылады. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылған. 160 гектар жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары да әзірленіп жатыр. «Ақтау қаласы үшін бұл зауыттың маңызы аса жоғары болмақ», - дейді мамандар. Өйткені қазір облыс орталығы солтүстік-батысқа қарай кеңейіп, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жыл соңына дейін «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 867 тұрғын үйді ел игілігіне беру жоспарланған.

Серікбай Тұрымов, қала әкімі: - 33 шағын ауданда 4 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жерде үшеуі 224 пәтерден, барлығы 670 пәтер және 77 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Бұларды жылдың соңына дейін жоспарлап отырмыз. Жалпы 283 пәтер кезекте тұрғандарға бөлеміз. Қалғанын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өздері үлестіреді.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы