Қарағанды әкімінің президенттікі секілді костюмі

Қарағанды әкімінің президенттікі секілді костюмі
Фото: tengrinews

Қарағанды облысының әкімі президенттікі секілді костюм сатып алды. 

"Өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қазақстан Президентінің ізімен жүріп, My President жаңа топтамасынан костюм сатып алды. Өңір басшысының аяқ киімдері де отандық өндірістікі  қарағандылық фабриканың өнімі",  деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Костюм шымкенттік "Алтын Адам" фабрикасында тігілген.

"Классикалық үлгі, сапалы мата, бәсең реңк, әсіресе, көк және сұр түстер  мұның барлығы жалпы алғанда, іскер әрі салмақты адамды бейнелейді. Өніміміздің Әбдібеков мырзаға ұнағаны үшін қуаныштымыз, алдын ала өлшемей-ақ тамаша жарасты", — деді фабриканың астаналық филиалының директоры, дизайнер Айжани Нұрланова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай костюмнің бағасы 25-50 мың теңге аралығында. Дизайнердің сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып тігілетін костюмдердің маталары мен технологиясы қалған өнімдерге дәл солай қолданылады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін