"Мен жауап беремін" жобасы аясында "Шалабай" шаруа қожалығы тексерілді

"Мен жауап беремін" жобасы аясында "Шалабай" шаруа қожалығы тексерілді
Фото: massagetkz

Жақында белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев "Мен жауап беремін" атты жоба бастайтынын айтып үндеу тастағанын білесіздер. Сөзден тезірек іске көшуді жөн санайтын кәсіпкер өзінің алғашқы тексерісін бастап та кетті. Ең бірінші болып ШҚО-да орныққан "Шалабай" ЖШС шаруа қожалығы тексеруден өтуге ниет білдірді. Бұл қожалық он жылдан бері қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналысады. Қазір әжептеуір жетістікке жетіп, мал шаруашылығын жүйелеп үлгерген қожалық тексерушілерді қуана-қуана қарсы алатындарын айтты. Жоба шарттарын жасау кезінде Марғұлан мырза бұл тексеріске қатысты арнайы видеошолу жасалатынын да ескерткен. Ендеше, сол тексеріс қалай өтті, оған кімдер қатысты деген көптеген сұрақтардың жауабын осы видеошолудан көре аласыздар.

Н. Нұрмаханұлы