«Мен жауап беремін» жобасына «Арзан» сауда желісі серіктес болды

«Мен жауап беремін» жобасына «Арзан» сауда желісі серіктес болды
Фото: arzanmarket.kz

Қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев қолға алған «Мен жауап беремін» жобасына «Арзан» сауда желісі серіктес болды. Осыған дейін де бірнеше компаниялар мен өндіріс орындары серіктестер қатарына қосылған болатын.

Жоба шеңберінде «Арзан» сауда желісі өзіне келесі міндеттемелерді алды:

- Локация тұрғысынан мейлінше пайдалы сауда орындарын тегін ұсыну;

- Тауардың 60 күн бойғы сатылымы жоғары болса, сөредегі орны сақталады. Ал сатылымы төмен болса  өзге тауарлармен алмастырылады.

- 30 күн бойы "нөлдік" айырма;

- Айырма 10 %-дан аспауы тиіс;

- Сауда желісі тарапынан ешқандай да "жасырын" табыстардың болмауы;

Ө. Сансызбай