Әлемдегі ең үлкен бешбармақ Астанада әзірленді

Әлемдегі ең үлкен бешбармақ Астанада әзірленді
Фото: massaget.kz, astanaday.kz

Елорда мерекесіне орай Астана қаласының аспаздары әлемдегі ең үлкен бешбармақ әзірлеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. "Тайқазан" деп аталған шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақ географиялық қауымдастығы мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Ұлттық тағамның жалпы салмағы 136,5 кг-ды құрап, ресми түрде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. 25 аспаз бешбармақты даярлау үшін 800 кг ет, 14 қап пияз бен 300 кг-нан астам қамыр қолданылған.

Лондоннан келген Гиннесстің рекордтар кітабы штаб-пәтерінің супервайзері "Елдің басты ұлттық тағамын әзірлеу" деген атаумен осы рекордты ресми түрде тіркеді. Гиннесстің рекордтар кітабының ережесіне сай, тағам тек дәстүрлі дайындау тәсілімен бір қазанда әзірленуі шарт болатын. Бұл туралы Астана қаласындағы іс-шаралар туралы мәлімет беретін ресми сайт хабарлап отыр.

Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық тағамынан дәм татып, арнайы баннерде суретке түсті. 

Ө. Сансызбай