"Дебют" шығармашылық бірлестігі сценарийлер қабылдайды

"Дебют" шығармашылық бірлестігі сценарийлер қабылдайды
Фото: Қазақфильм киностудиясы

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметражды көркем фильмдердің сценарийлерін қабылдайды.

Қойылатын шарттар:

– Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады;

– 5-20 парақ аралығында қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған сценарий немесе әдеби шығармалар желісі бойынша (бір немесе бірнеше автор) болуы тиіс;

– Біліміңіз арнайы немесе кинематография саласына жақын болуы қажет, сценарийші немесе режиссер ретінде жасаған жобаңыз болғаны абзал.

Сценарийлер 2017 жылы 1 мамырға дейін қабылданады. "Дебют" ШӨБ қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілуіне кепілдік бермейді.

Ескерту!

* Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

Ж. Жұмағұлов