Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақфильм / «Қазақ елі» фильмі түрік тіліне аударылады

«Қазақ елі» фильмі түрік тіліне аударылады

«Қазақ елі» фильмі түрік тіліне аударылады

Болашақта «Қазақ елі» анимациялық фильмі шетелдік көрерменге жол тартуы мүмкін. Әзірге, отандық өнімді 80 миллион аудиториясы бар түрік тіліне аудару көзделіп отыр.

Игі бастаманы Шымкенттегі «Сақ» киностудиясы мен «Оңтүстік-фильм» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев отандық фильмдер жасаумен айналысатын студиямен танысу барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ елінің тарихи тағдырын бейнелейтін мультфильм елімізде алғаш рет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде дайындалған. «Бүгінгі бастамаларыңыз терең талқылауды қажет етеді. Жобаларыңызды әлі де пысықтай түсіңіздер. Нақты сценарийлеріңізді алдағы уақытта бірге қарап, өз тарапымыздан қолдау білдіретін боламыз. Ал «Қазақ елі» анимациялық толықметражды туындыларыңызды Түркия мемлекетіндегі тиісті орындармен келісім жүргізу арқылы оңтайлы шешеміз»,- деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

«САҚ» киностудиясының бас директоры Нұриддин Пәттеев облыс әкіміне «Көне жетігеннің сыры», «Отырарды қорғау», «Қажымұхан», сынды тарихи орындар мен тұлғалар туралы түсірілетін анимациялық фильмдердің желісін жан-жақты баяндап берді. Сондай-ақ ол Ахмет Ясауи бабамыз бен күш атасы Қажымұханның тұлғасын танытатын мультфильмін түсіру жобасымен таныстырып, қолдау көрсетуін сұрады. 15 жылдық тарихы бар «САҚ» киностудиясы бұған дейін «Қазақ елі», «Сапа олимпиадасы», «Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшы» сынды 50-ден астам анимациялық туындылар дайындаған. Ал, 25 сериялы «Томпақ» фильмі көрерменнің айрықша ықыласына бөленген. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мультипликациялық тарихи фильмдер арқылы өңірімізге келетін шетелдік туристердің қатарын артыруға болатынын айтты. 

Дереккөз: www.inform.kz

0
Рейтинг: +1

Фото: twitter.com
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2016, 18:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.