Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақфильм / «28 панфиловшы» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

«28 панфиловшы» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

«28 панфиловшы» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

«Қазақфильм» киностудиясы «28 панфиловшы» фильмін Қазақстан бойынша прокаттауға дайын екендігін хабарлайды. Фильм еліміздегі прокатқа 24 қараша күні қазақ және орыс тілдерінде шығатын болады.

Фильмнің прокатын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырады.

«28 панфиловцев» (Санкт-Петербор) тәуелсіз студиясы және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен түсірілген фильмнің тұсаукесері 2016 жылы 18 қараша күні Алматыда өтеді.

Ресейдегі тұсаукесер рәсімі екі күн бұрын, Дубосеково разъезінде болған шайқастың 75-жылдығына орай өткізіледі, ал фильмде көрініс тапқан Волоколамскінің өзінде 16 қарашада өтеді. Ал Ресей бойынша прокат та 24 қарашадан басталады.

Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.

- 28 панфиловшының аңызға айналға даңқты ерлігі - барлығымызға ортақ тарих қана емес, сонымен қатар ортақ ұлттық мақтанышымыз. Тіпті, қанымызға сіңіп кеткен ұлттық код десем артық айтпаған болар едім, - деді фильмнің режиссері Андрей Шальопа.

Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Сондай-ақ фильм бюджетінің үштен бірін Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктері бөлген. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.

Қысқы көріністер Санкт-Петербор пен Иваново төңірегінде түсірілген. Соңғы кадрларда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ көрсетіледі.

Басты рөлдерде – Александр Устюгов, Яков Кучеревский, Азамат Нығманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Алексей Лонгин, Әзиз Бейшеналиев, Дмитрий Сутырин, Андрей Бодренков, Асқар Тілеуғабылов және басқалар.

Фильм жайлы: «Жиырма сегіз панфиловшы» – 1941жылдың қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Фильм Советтік әскери кинопевестердің эститикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш. Фильмнің көркемдік формасы В.Высоцкийдің әндерімен әуендес, С.Гудзенконың өлеңдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтың суреттері мен Е.Вучетичтің статуяларына ұқсас келеді.

Сценарий авторы: Андрей Шальопа

Режиссерлері: Андрей Шальопа, Ким Дружинин

Операторы: Никита Рождественский

Қоюшы-суретшісі: Екатерина Лизогубова

Композиторы: Михаил Костылев

Дереккөзі: kazakhfilmstudios.kz

2
Рейтинг: +1

Фото: AriPress.org
Қосылған күні: 12 қараша 2016, 20:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.