"Батыл жүрек" мультфильмі

"Батыл жүрек" мультфильмі

Жас болса да өжет қыздың алдынан шыққан кедергілерді қалай жеңгенін баяндайтын "Батыл жүрек" анимациялық фильмін назарларыңызға ұсынамыз. Туынды қашан да соңғы шешімді өзі айтуға үйреніп қалған жақ тартудың қас шебері Мериданың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Мерида өзінің құрметіне ұйымдастырылған садақ ату сайысында көне дәстүрді ұстанудан бас тартамын деп, шотланд тайпаларының арасында туған жанжалдың себепшісіне айналады. Ата-анасынан ұрыс естігеннен кейін білместікпен жасаған қадамын түзеуге тырыспақ болып, жұрттан безген дуанадан көмек сұрауды ұйғараған ол қателік артынан қателікке ұшырайды. Енді жас ханшайымның абайсыз қадамдары тек өзіне ғана емес, бүкіл патшалыққа қауіп төндіреді. Қыз аңызда ғана айтылатын сиқыр мен дуаға, тауда өмір сүретін құбыжыққа жалғыз қарсы тұрады.

Y. Almabek