Батыр Баян

Батыр Баян
Фото: z-taraz.kz

Батыр Баян фильмі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының негізінде 1993 жылы түсірілген. Қазақ хандығы 200 жыл бойы Жоңғарияға қарсы тәуелсіздік үшін, территориялық және саясаттық бірлік үшін шайқасқан. Тарихи деректерде Баян Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Фильм желісі бойынша Баян жас жоңғар қызына ғашық болады. Бұл көркем фильмнің сценарийін жазған белгілі жазушы Смағұл Елубаев, режиссері - Исламбек Тәуекелов. 

Н. Айдархан