"Рэкетир 2" фильмінің жабық көрсетілімі өтті

"Рэкетир 2" фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Фото: Фариза Абилова

2015 жылдың 23 мамыр күні Алматы қаласында орналасқан Республика сарайында SataiFilm мен Mеloman компанияларының ұйымдастыруымен Ақан Сатаевтың "Рэкетир  2" фильмінің жабық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл биылғы жылдың ең масштабты киношараларының бірі. Себебі көрермендер саны 2500 адамға жуық болды. Республика сарайы лық толып, қонақтар ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп жатты. Оның себебі - 10 метрге созылған тәтті тағамдарға толы үстел. Ұйымдастырушылар тек тағаммен емес, лотерея ойыны мен фильм жайлы түсірілген фильмімен де қуантты. 

Лотерея ойынының жеңімпаздарына фильмге демеуші болған компаниялардың сыйлықтары жүлде ретінде табысталды. Қонақтар жоқ жерден олжалы болғанына қуанып, ұтыстарымен селфи жасап, жолдастарынан құттықтау қабылдап жатты. Лотереядан кейін ұйымдастырушылар "Рэкетир 2" фильмінің түсірілімі, актерлердің пікірі және фильмді түсіруде болған ерекше сәттерді көрсететін кішігірім бейнебаян дайындап, халыққа көрсетті. Бұдан кейін қонақтар сарайдың бас залына жайғасып, жүргізуші сахнаға шақырған фильмнің түсірілім тобына қол шапалақтап, қошемет көрсетіп жатты.

Фильм режиссері Ақан Сатаев түсірілім тобына алғысын айтып, бұл фильмнің жалғасын көптен күткенін айтып өтті. Сөйтіп, 18.00-де басталуы керек фильм 20.00-де көрермен назарына ұсынылды. Ал фильм туралы және көрермен бағасын келесі материалымыздан оқи аласыз.

Ұқсас жазбалар:

Саят Исембаев "Рэкетир 2" фильмі жайлы айтып берді

Ф. Абилова