Шал

Шал
Фото: tengrinews.kz

Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірілген. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі. "Шал" – 2012 жылдың "Ең үздік фильмі" болып танылды. Сондай-ақ халықаралық "Киношок-2013" кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. 

Фильмде басты рөлді Ерболат Тоғұзақов сомдады. Сондай-ақ Орынбек Молдахан, Оңдасын Бесікбаев, Ердан Нүсіпақынов, Олег Полторацких және тағы басқа белгілі актерлер ойнады.

Н. Айдархан