Жаужүрек мың бала

Жаужүрек мың бала

«Жаужүрек мың бала» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының ірі жобасы.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы шығып, ересек сарбаздармен бірге кең байтақ жері мен елін қорғауға өрелі мінезді өжет жастар бел буады. XVIII ғасырдың басында орын алған «Ақтабан Шұбырынды» ұлы қайғысы мен қазақ халқының жоңғар халқымен болған соғысы көрініс табады. Тарих парақтарынан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді. Фильм соңында қазақ пен жоңғар тартысының аяқталуына ықпал еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі.

Сурет: art.gazeta.kz

Ш. Талап