2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы мереке күндерін қоса есептегенде 121 күн демалыс болатынын хабарлады. Ең ірі мерекелерде 4-5 күн демалыс болады.

Қаңтар айында қазақстандықтар Жаңа жылға орай 4 күн демалады. Ал Наурыз мейрамында 5 күн демалыс болады. Мамыр айында Қазақстан Қарулы күштері күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн демалыс жарияланады.

Желтоқсан айында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. Қалған мерекелерде 3 күн демалыс беріледі.

2021 жылы астана күні 3 шілдеден 5 шілдеге, яғни сенбіден дүйсенбіге ауыстырылуы мүмкін. 2021 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі қаулы шығарған еді. Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 2021 жылғы 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар елорда күні 4, 5, 6 шілде күні демалатын болады.

Massaget