Қазақ қызына тән есім іздесеңіз

Қазақ қызына тән есім іздесеңіз

Адамның есімі – оның өмір бойына алып жүретін атағы мен абыройы. Себебі адам атының өзіне тән жауапкершілігі мен құндылығы бар. Сондықтан қазақ ежелден ұл мен қызға сай лайықты, өзі көтере алатын аттарды қойған. Сіздерге қазақ қызына тән есімдердің бірнеше топтамасын ұсынып отырмыз. 

Жаған-бегім ханым – Жәнібек ханның жары, Қасым ханның анасы 

Аққозы-бегім ханым – Шах-Бұдақ сұлтанның (Әбілқайыр хандығы) жары, Мұхаммед Шейбанидің (Шейбанидтер хандығы) анасы

Сүйінбике ханым – Жәнібек ханның қызы 

Аманбике ханым – Жәнібек ханның қызы 

Дадым-бегім ханым – Бұрындық ханның қызы, Шығай ханның жары 

Михр сұлтан ханым – Бұрындық ханның қызы, Мұхаммед Темір сұлтанның (Шейбанидтер хандығы) жары 

Ханық сұлтан ханым – Қасым ханның жары, Хақназар мен Мамаш ханның анасы 

Нигар сұлтан ханым – Қасым ханның жары 

Құтлық сұлтан ханым – Қасым ханның қызы 

Бұлдыр ханым – Қасым ханның қызы, Шейх-Мамай бидің (Ноғай ордасы) жары 

Махим ханым – Бұйдаш ханның жары 

Абайқан-бегім – Жәдік сұлтанның жары, Шығай хан мен Мәлік сұлтанның анасы 

Шешек ханым – Әдік сұлтанның қызы, Рашид сұлтанның (Моғолстан) жары 

Ақторғын ханым – Хақназар ханның жары 

Әйгерім ханым – Хақназар ханның жары 

Дадым-бегім ханым – Шығай ханның жары, Шах-Мұхаммед сұлтанның анасы 

Байымбике ханым – Шығай ханның жары, Сейітқұл мен Ондан сұлтанның анасы 

Жақсымбике ханым – Шығай ханның жары, Есім мен Тәуке ханның анасы 

Алтын ханым – Шығай ханның қызы, Ораз-Мұхаммед ханның анасы 

Сүзге ханым – Шығай ханның қызы, Көшім ханның (Сібір хандығы) жары 

Ләйлә ханым – Шығай ханның қызы 

Сабырбике ханым – Шығай ханның қызы 

Сүйім ханым – Көжек сұлтанның анасы 

Ділшах ханым – Есім ханның жары 

Падишах ханым – Есім ханның жары, Абд ар-Рахим-ханның (Моғолстан) қызы 

Айлин ханым – Есім ханның жары, Сартақ сұлтан мен Салқам Жәңгір ханның анасы 

Райхан ханым – Есім ханның қызы 

Ай ханым – Есім ханның қызы 

Бану ханым – Салқам Жәңгір ханның жары 

Қазақ ханым – Салқам Жәңгір ханның қызы, Абдулазиз ханның (Бұқар хандығы) жары 

Сандық ханым – Тәуке ханның жары, Сәмеке ханның анасы 

Хадиша ханым – Сартақ сұлтанның жары 

Тәтті ханым – Ондан сұлтанның қызы 

Махим ханым – Бұйдаш ханның жары 

Бопай ханым – Әбілқайыр ханның жары, Нұралы ханның анасы 

Қарашaш ханым – Әбілқайыр ханның қызы 

Зылиха ханым – Әбілқайыр ханның қызы 

Жәннат ханым – Әбілқайыр ханның қызы 

Сайман ханым – Абылай ханның жары, Уәли ханның анасы 

Бабақ ханым – Абылай ханның жары, Рүстем сұлтанның анасы 

Топыш ханым – Абылай ханның жары, Қасым сұлтанның анасы 

Тоқта ханым – Абылай ханның жары, Сүйік сұлтанның анасы 

Айғаным ханым – Уәли ханның жары, Шоқанның әжесі 

Айкүміс ханым – Қасым сұлтанның жары, Кенесарының анасы 

Күнімжан ханым – Кенесарының жары, Тайшық сұлтанның анасы 

Жаңыл ханым – Кенесарының жары, Сыздық сұлтанның анасы 

Бопай ханша – Қасым сұлтанның қызы, Кенесарының қарындасы 

Ырыс ханым – Нұралы ханның жары, Бөкей ханның анасы 

Елбарыс ханым – Ералы ханның жары, Жантөре ханның анасы 

Атан ханым – Бөкей ханның жары, Жәңгір ханның анасы 

Ұлпеш ханым – Меңдікерей сұлтанның жары 

Меңді ханым – Қарабай сұлтанның қызы, Жантөре ханның жары 

Фатима ханым – Жәңгір ханның жары, Сақыпкерей мен Ғұбайдолланың анасы 

Жүзім ханым – Жәңгір ханның жары 

Зылиха ханым – Жәңгір ханның жары 

Хадиша ханым – Жәңгір ханның қызы 

Серікбол Хасан

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ