Әйел адам жұмыс істеуге міндетті ме?

Әйел адам жұмыс істеуге міндетті ме?
Фото: vk.com

Бұл мәселеде Қазақтың түсінігіне, тәрбиесіне жететін ештеңе жоқ-ау. Батыс бір қиянға шығып кетті, арабтар баяғыда екінші қиянға шығып алған. Мен өзім "Әйелдерді орамал тартқызып үйге отырғызып қою керек, бала тапсын" деген пікірге қарсымын. Бірақ әйел затының отбасын асырау үшін жұмысқа жегілгенін де қаламаймын. Отбасын отағасы асырау керек. Ал әйел адам шынында да бала тауып, соларды дұрыс бағып-қағумен айналысу керек.

Баласы жетілген соң әрине қолынан келетін, өзіне ұнайтын жұмыспен айналысса болады. Әйеліне жұмыс істетіп қойып, өзі соның есебінен күн көрген еркек еркектік қасиетін жоғалтады! Ер баланы "Сен отбасыңа жауаптысың, сен отбасыңды асырауың керек" деп тәрбиелеу қажет, олар өз отбасында соны көріп өсуі керек!

Әйел нәзік жанды болып жаралды ма, солай болып қалсын. Бала көтеру, оны табу, оны жеткізу деген ғаламат үлкен жұмыс! Үй шаруасы көзге көрінбейтін ғаламат үлкен жұмыс! Әрине оқысын, қоғамдық жұмысқа аралассын, бірақ отбасын асырау үшін белін бүгілтпеу керек. Жалғыз басты болса, енді амал жоқ...

Ахметбек Нұрсилә,
фейсбуктағы парақшасынан

М. Оңғарова