Димаш Құдайберген және

Димаш Құдайберген және "Gangnam Style"

Әйгілі корейлік рэппер "PSY Gangnam Style" жаңа рэптерімен тағы да әлемді дүркіретіп жатқан көрінеді. Біраз жыл бұрын алғаш дүркіреп шыққанда оның жерлестері шаш-етектен пайдаға кенеліп еді. Жер бетіндегі рэп жанкүйерлері сол жігіттің туған жерін көреміз деп Кореяға ағылды. Мұндай дүниені оңайлықпен жіберсін бе, жерлестері оның туған жерін туризмнің Меккесіне айналдырды да жіберді. "Gangnam Style" болып билеп кетті бәрі. Міне, іскерлік! Ұтқырлық! Өзін әлемдік тұлғаға айналдырып жіберген жерлестерін жерге қаратқысы келмеді ме, мына бала жер дүниені тағы да көшіріп жатыр. Былай қарасаң, рэп дегеніміз "оқу" ғой, өлең оқу, әңгіме айту, баяндау. Ерекше ырғақ тапсаң, көркем аранжировка болса. Бұл бізге жат па? Қазақтың жыр-дастандарын насихаттаудың ең оңтайлы жолы! Жастар ондай рэпті түп-тамырымен жұтып қоятыны анық. Бұл түсініксіз бірдеңені былдырлайтын Сайлаубек МС болмас еді. Оған да теңселіп жүргендер аз емес. Бірақ, ондай жыр, қисса оқитын қазақ рэпперлері шығар болса, біз тағы да шала бүлінетініміз рас. "Қазақта ондай болмайды. Жыр-дастандарды тек домбырамен, қобызбен, таңды таңға қосып отырып орындау керек" дер едік. Ондай рэпперлерді қазаққа жат деп, ит терісін басына қаптап, нон-грат жариялаудан тайынбаймыз-ау? Тап осыным өтірік емес, артық айтып тұрған жоқпын. Біздің де заманның ыңғайына бейімделіп, мұнай жоқ жерден де пайда табуды үйренетін уақытымыз жетті ғой. Рэпті айтамыз, әлемдік ән базарын бұзып-жарып кірген қас талант ұл Димашты сүріндіріп алып жүрмейікші. Соны ұшырайық. Тауаны қайтып бара жатса, демеу болайық! Арқасында тіреп тұрған елі бар білген ұлдар алысқа самғайтынын "Gangnam Style" көрсетіп отырған жоқ па?

Серік Жанболаттың фейсбук парақшасынан 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады