Поэманы жаттауға қиналып отырған оқушы Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Поэманы жаттауға қиналып отырған оқушы Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылды
Фото: youtube

Интернетте Рамазан есімді бірінші сынып оқушысының үй тапсырмасын орындауға қиналып, жылап отқан сәті түсірілген видео жарияланды.

Көзі жасқа толған бала Александр Пушкиннің "Руслан және Людмила" поэмасынан үзінді жаттауға қиналып отыр. Оның айтуынша, поэма бастауыш сыныбында оқитындар үшін тым күрделі. Оқушы орыс классигінің шығармасын жаттады ма, жоқ па белгісіз. Әлеуметтік желілерде видео қызу талқыға түсті.

Дереккөз: Tengrinews

С. Ерсін