Ән айтқан ақтаулық таксиші ғаламторда жұлдызға айналды

Ән айтқан ақтаулық таксиші ғаламторда жұлдызға айналды
Фото: shm.kz

Ақтаулық таксиші жолаушыларына махаббат туралы ән айтып береді, − деп хабарлайды Lada.kz. Таксишінің ән айтқаны түсірілген видео "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Ақтау жолдарында" тобында жарияланған.

Болжам бойынша, видео 4 желтоқсанда түсірілген. Видеода ән айтатын таксишінің көлігі 15-ші ықшамауданға қарай бет алып барады. Таксиші әннің "минусын" қосып, одан кейін оны орындай бастайды.


Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін