Тоқаев осы аптада қайда баратыны айтылды

Тоқаев осы аптада қайда баратыны айтылды
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысатыны айтылды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент осы аптада қатысатын іс-шаралар аңдатпасы:

- Бүгін Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

- 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

- 30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.

Ж. Қадыржанова