"Ауруханаға арбамен кіргізді". Саят Медеуов өміріндегі қиын кезең туралы айтты

"Ауруханаға арбамен кіргізді". Саят Медеуов өміріндегі қиын кезең туралы айтты

Танымал әнші Саят Медеуов 2021 жылы коронавирус жұқтырып, ауруханаға қалай түскенін еске алды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі. Ол бұл туралы KYN YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

"2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын болды. Сол жылы халықтың елу пайызы қайғыдан қара жамылды десем, артық айтқаным емес. Түсініксіз аурудың емін таппай қиналдық. Дәрігерлер де кімді қалай емдеу керектігін білмеді. 2021 жылы мен де ковидпен ауырдым. Ауруханаға арбамен кіргізді. "Осымен бәрі бітті, кетемін" деп ойладым. Менен мықты, менен мүмкіндігі көп, жағдайы жақсы қаншама адам кетіп қалды. Алла сақтап, аман қалдым", - деді Медеуов. 

Сондай-ақ, Медеуов жол апатынан кейінгі жағдайын айтып берді. 

Г. Досымшалова