Алматыдағы толассыз жауын салдары қандай болды?

Алматыдағы толассыз жауын салдары қандай болды?
Фото: tengrinews.kz

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты. Тұрғындар әлеуметтік желіде видеолар жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 маусымда сағат 14:30 шамасында қалада нөсер басталды. Жауын жарты сағаттай жауды. Салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, Алтынсарин даңғылы мен Жандосов көшесі қиылысында автобус өртенген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Наурызбай ауданында тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласын су басқан.

Навои мен Рысқұлбеков көшелері қиылысындағы жолды да су басып, көлік қозғалысы қиындаған.

Қаланың кей жерлерін су басып, тұрғындар су кешуге мәжбүр болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Желіде MEGA Aлматы СОО-ның видеолары жарияланған еді. Осы жағдайға қатысты сауда орталығы 24 маусымда жабық болатынын хабарлады.

"Келушілердің қауіпсіздігі үшін осы шараларға түсіністікпен қарап, қызметкерлердің ұсыныстарына құлақ асуды сұраймыз. СОО-ның барлық қызметі шатырды жөндеу үшін жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың шатыры қаладағы ең үлкен шатыр және 58,500 шаршы метр болады. MEGA Aлматы СОО жұмысын 25 маусымда қайта бастайды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty (@almaty_city)

Ж. Қадыржанова