Антикор іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет айтқандарға берілетін сыйақыны еске салды

Антикор іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет айтқандарға берілетін сыйақыны еске салды
Фото: gov.kz

Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деген күдікке ілінген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Мәсімов әлі де іздестіріліп жатқанын, оның орналасқан жері туралы ақпаратқа сыйақы берілетінін еске салды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Сот оған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын. Қазір Мәсімов іздестіріліп жатыр.

"Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260; +7 (727) 278 7300; +7 (707) 978 0808.

Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!" - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова