Алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамы бойынша, алдағы үш күнде солтүстік циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжанып отыр.  

Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерінде болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Батыста +25+35 градус, солтүстікте +25+33 градус, орталықта +30+37 градус, шығыста +27+37 градус, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45 градус.

Г. Досымшалова