Дәрігер бала ата-анасымен ұйықтауының қаупі туралы айтты

Дәрігер бала ата-анасымен ұйықтауының қаупі туралы айтты
Фото: © elements.envato.com

Дәрігер бала ата-анасымен бірге ұйықтағанда, қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, жаңа туған нәрестенің кенет қайтыс болу қаупі ата-анасымен бірге ұйықтағанда бес-он есе артады, - деп хабарлайды CNN.

Педиатр Ребекка Карлин кейбір аналар түнде оңай емізу үшін баламен ұйықтағанды жөн көретінін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай тәжірибе жаңа туған нәрестенің өліміне әкеп соғуы мүмкін, өйткені бала тұншығып қалуы мүмкін. Карлин емізгеннен кейін баланы өз төсегіне ауыстыру керегін еске салды.

"Бала ата-анасының бөлмесінде тұрған бөлек төсекте ұйықтауы керек. Бұл - бала алты айға толғанға дейінгі міндетті шарт", - деп түсіндірді педиатр.

Сондай-ақ, сарапшы жаңа туған нәрестенің төсегі қандай болуы қажет екенін айтты. Ол қатты төсеніштен тұруы қажет, сонымен қатар, жастық пен безендіретін әшекейлер артық етеді.

"Қолыңызбен төсенішті басыңыз, із қалса, төсеніш жарамайды", - деді педиатр.

Маман төсек тым жұмсақ болса немесе баланың басы кереуеттің бүйіріне кептеліп қалса, ұйықтаған кезде аунап жатып, тұншығып өліп кетуі мүмкін екенін айтты. Педиатр ата-аналар қауымы балаға жағымды және әдемі болғанын қалайтынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл балаға қажет емес.

"Нәрестенің сапалы ұйқысы үшін қажет нәрсе - бөлек төсек, қатты төсеніш және жайма", - деді ол.

Ж. Қадыржанова