Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 23, 24 және 25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық - 40 градусқа дейін болады. Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында да қатты ыстық болып, 45 градусты көрсетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында найзағай ойнап, дауыл соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ж. Қадыржанова