Тікұшақ жіберілді. Қорғалжын тасжолы бойында қамыс өртенді

Тікұшақ жіберілді. Қорғалжын тасжолы бойында қамыс өртенді
Фото: Видеодан алынған кадр

Кеше түсте Қорғалжын тасжолы бойында қамыс өртенді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды "Массагет"

ТЖД мәліметінше, кеше сағат 15:03-те Қорғалжын тасжолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, қол жетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 гектар қамыс өртенді.

"Астана Орманы" МКК күші жанудың периметрі бойынша жер жыртты. "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды", - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына бүгін Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы ұшып шыққаны хабарланды. 

G. Dosymshalova