Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген нигериялық ұсталды - адвокат

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген нигериялық ұсталды - адвокат

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген нигериялық Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Бұл туралы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Алдын ала мәлімет бойынша,  2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне "Джонни" шетел мемлекетінің аумағында ұсталған", - деді адвокат. 

2015 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Фортунеге қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. 2015 жылы маусымда Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Биыл мамырдың аяғында Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны хабарланған еді. 

Е. Төлеш