Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары рекордшылар қатарына енді

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары рекордшылар қатарына енді
Фото: ©КПРФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Дуглас Жуниор мен Лео Чемпиондар лигасының рекордшылар тізіміне енді, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

УЕФА мәліметі бойынша, "Қайрат" ойыншысы Дуглас Еуропаның басты турнирінде 56 матч ойнаған. Ақпарат Instagram-дағы Futsalkazakhstan парақшасында шықты.

Қазір Бразилияда өнер көрсететін Лео Чемпиондар лигасында 58 ойын өткізген. Ал рекорд иесі - Лусио ("Аксьон 21", "Иберия Стар", "Шарлеруа"), оның есебінде 69 матч бар.

Айта кетейік, Дуглас ресейлік КПРФ клубынан кейін "Қайратқа" оралды.

G. Dosymshalova