Ақмола облысында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап мерт болды

Ақмола облысында 2 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап мерт болды
Фото: Фото:elements.envato.com

Ақмола облысында 2 жасар бала көше дәретханасына құлап мерт болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусымда сағат 11.30 шамасында Бұланды АПБ кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Онда ер адам 2 жасар ұлының жеке тұрғын үй ауласындағы кәріз септигіне құлап кеткені туралы айтқан.

Оқиға орнына бірден ТЖМ қызметі, полиция және жедел медициналық көмек қызметкерлері келді. Баланың оқиға орнында есін жия алмай қаза тапқаны белгілі болды.

М. Жәмішжанов