Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгерді

Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгерді
Фото: tengrinews.kz

Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын", - делінген Жарлықта. 

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 16 наурызда Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтқан болатын. 

Н. Үсенова