Саясат Нұрбек: Біз "сынған" ұрпақпыз

Саясат Нұрбек: Біз "сынған" ұрпақпыз

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек. Ол сұхбат барысында өзінің қалыптасу жолындағы қиындықтар, қазіргі орта және жоғары білім берудегі мәселелерді, 90-жылдардағы "сынған" ұрпақты және қазақ қоғамын не үшін "емдеу" қажет екенін ашық айтады.

Сұхбатта заманауи ер адам бойында болуы керек қасиеттер туралы да сөз қозғалады. Депутат негізгі бес қасиетті атап, қазір неге батылдық дағдарысы сезіліп жатқанын айтып береді.

Саясат бала тәрбиесіне тоқталып, өзі ұстанатын қағидаларды айтады. Сонымен қатар, неге өз өміріңді балаға таңуға тырыспау керегін түсіндіріп, алдағы уақытта сұранысқа ие болатын мамандықтарды атайды.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 18.00-де ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, сағат 17.00-де "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан қарай аласыздар. Жоба серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

Н. Үсенова