Президент: Түлектердің техномамандықты таңдағаны абзал

Президент: Түлектердің техномамандықты таңдағаны абзал

Мектеп бітірген жастарды техникалық мамандықтарға баулу қажет. Сондай-ақ ірі кәсіпорындардың түлектерді жастар практикасымен жұмысқа тартып, біліктілік үйретуі тиіс. Осылай деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде. 

"Өндіріске квалификациясы жақсы, білікті мамандар жоқ дей бергенше, неге ірі кәсіпорындардың техникалық мамандықтарды оқытуды өз қолына алмасқа? Мәселен, колледжді басқару, жастарды тәжірибе жинау үшін кәсіпорынға тарту, білім беру мекемелерінің зертханалары мен шеберханаларын жабдықтау сынды шаруаларды қол алса. Мен елдегі білім беру жүйесін толықтай жаңартқым келеді. Біздің елде экономист пен заңгерлер, менеджерлер өте көп", - дейді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қазір білім саласын гуманитарлық мамандықтардан гөрі техникалық мамандықтарға қарай бағыттау керек.

"Болашақ" бағдарламасын қайда бағдарлаймыз. Жастарды бағыттаймыз. Көрші тұрған – Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына көптеп жіберуіміз мүмкін. Бұған дейін шетелдік танымал оқу орындарының филиалдарын Қазақстаннан да ашу туралы мәселе көтергем. Қазақтың жас ұл-қыздары ең алдымен технарь болуы тиіс", - деді президент.

Қ. Слямбек