Қазақстан QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын тағы алады

Қазақстан QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын тағы алады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қосымша QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын тағы сатып алмақ. Бұл жайлы министр Ажар Ғинаят айтты.

"Қазір елімізде 9,5 млн адам вакцинаның бірінші құрамын салдырды. Бұлар – екпе салу міндеттелген ересектер санының 79,6 пайызын құрайды. Екінші құрамын салдырғандардың саны – 8,8 млн адам. Сәйкесінше 75,8 пайызы", - дейді Ажар Ғинаят.

Елімізде ревакцинация ретінде Sinopharm мен QazVac екпелерін қайталап салынып жатыр. 60 жастан асқан қариялар мен жүкті әйелдерге, дәрігерлерге Pfizer вакцинасы салынуда.

"Министрлік ревакцинациялауға қосымша QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын сатып алмақ. Қаңтар айының соңына дейін "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы елге жеткізілмек", - дейді елдің бас дәрігері.