Президент Жарлығымен Үкімет таратылды

Президент Жарлығымен Үкімет таратылды
Фото: inform.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулыда былай делінген:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорда сайтында.

Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ал Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне кірісті. 

Н. Үсенова