"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері белгілі болды

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері белгілі болды

Бүгін "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпаздары белгілі болды. Бес бағыт бойынша іріктелген үздік мамандарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттады.

Айта кетерлігі, грант бес бағыт бойынша 30 жасқа беріледі. Әр гранттың құны үш миллион теңгеден.

"Ғылым" бағыты бойынша

Смаилов Кенжеғали Маманұлы - Satbayev University коммерциялық емес акционнерлік қоғамы жанындағы "Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамының кіші ғылыми қызметкері

Машуров Фарух Аркинович - Сулейман Демирел университетінің аға оқытушысы

Оразбек Арсен Аленұлы - Nazarbayev University дербес білім беру ұйымының 3-курс студенті

Ивлев Антон Александрович - 1С-РЕЙТИНГ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің программисті

Дәулешияр Бақытәлі - Алматы облысы Жамбыл ауданының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Пірманова Күнсұлу Қамбарбекқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Мәдениет бағыты бойынша

Токсанбаев Саят Тұрсынұлы - Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын" қызметкері

Әкім Думан Нұрлыбекұлы - "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі колледжінің оқытушы

Каливошкина Дарья Владимировна - Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері

Жұбаныш Руслан Жанбырбайұлы - "Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігі ХАА маманы

Нұрланқызы Азиза - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы

"Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша

Жакажанова Гаухар Серахметқызы - Nazarbayev University дербес білім беру ұйымының магистрі

Мұса Ақбота Жанатқызы - "BilimBer" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы

Шихов Рузи Турсунмуратович - "Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның эпидемиолог-дәрігері

Ермек Марғұлан Мұратұлы - "Essentail Technologies LLC" азық-түлік менеджері

Жанұзақ Нұрболат Бауыржанұлы - М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің 4-курс студенті

Бизнес бағыты бойынша

Бейсенов Эздар Серікұлы - "Қостанай политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2-курс студенті

Ибраев Алишер Серікболұлы - "Диқан" сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері

Наумова Динара Рустамқызы - Мотивациялық спикер, әлеуметтік жобаның жетекшісі

Дүйсени Жасұлан Мұратұлы - "DUISENI" жеке кәсіпкері

Рзаев Азиз Хожагаевич - "Хожагаевич" жеке кәсіпкері

Кажимова Айдана Жасқайратқызы - Батыс Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқытушысы

Тынышбек Алиасқар Сайранұлы - "Turan University" 2-курс студенті, "Endorphin" агенттігінде сандық маркетологі

Ким Вячеслав Владимирович - "Kim Labs" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Қалдыбай Рухия Бердібекқызы - "Мәңгілік ел Маңғыстау" қоғамдық қорының директоры

Медиа бағыты бойынша

Намурадин Айсана Қанатқызы - Қызылорда облысы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мұғалімі

Савицкий Юлиан Демьянович - "Akmola media" продюсерлік орталығының директоры

Алиева Жансая Айсауытқызы - "Симметрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің редакторы

Өмірбеков Нұрсәт Өміржанұлы - Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы

Қ. Слямбек