"Халық" қайырымдылық қоры кезекті азық-түлік көмегіне 500 миллион теңге бөлді

"Халық" қайырымдылық қоры кезекті азық-түлік көмегіне 500 миллион теңге бөлді

2 желтоқсанда Қазақстанның барлық аймақтарында "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" қайырымдылық акциясы қайта басталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында "Халық" қайырымдылық қоры игі дәстүрін жалғастырып, "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" атты кезекті ауқымды қайырымдылық акциясын бастады.

Естеріңізге сала кетейік, "Халық" қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" әлеуметтік маңызы бар акциясы 2020-2021 жылдар аралығында бірнеше рет өткізілген. 2020 жылдың сәуірі мен 2021 жылдың шілде аралығында дейін ондаған мың отбасына қажетті көмек көрсетілді – жалпы салмағы 4 миллион келіден асатын 80 мыңнан астам азық-түлік себетттері таратылды. Тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ қиын материалдық жағдайға тап болған ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға жүйелі негізде қолдау көрсетілді.

Желтоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша 20 000 отбасы тағы да азық-түлік себеттерін - жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 1 миллион келіден астам қажетті азық-түлік алады. Әр отбасына салмағы 50 келі өнімдерден тұратын жиынтық беріледі: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілер жиынтығы.

"Шынында мұқтаж жандармен жылулықпен бөлісу өте маңызды – көрсетілген көмектің арқасында қиын өмірлік жағдайға тап болғандар да мерекелік көңіл-күй сезеді", - дейді қор.

Акция ұйымдастырушысы "Халық" қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дейін барлық азық-түлік себеттерін жеткізуді аяқтауды жоспарлап отыр. Еріктілер азық-түлік себеттерін облыс әкімдіктері ұсынған тізімдер бойынша алушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жаңа жыл қарсаңында біз бала кезімізден тілек тілеп, оның сөзсіз орындалуына сенеміз. "Халық" қайырымдылық қоры мен біздің еріктілердің басты тілегі - мұқтаж жандарға көмектесу, олардың өмірін сәл жеңілдету. Жақсы дәстүр бойынша біз азық-түлік жиынтықтарын отандастарымызға табыс етеміз және біздің көмегіміз пайдалы және уақытылы болатынына шын жүректен үміттенеміз. "Халық" қайырымдылық қоры серіктестер мен еріктілерге сезімталдығы, қызығушылығы мен жанашырлық қабілеті үшін алғыс білдіреді, - делінген "Халық" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Құлыбаеваның үндеуінде.

"Халық" қайырымдылық қоры бизнес-қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, "Ел тірегі – Елбасы" желтоқсан акциясын қолдауға шақырады.

Н. Үсенова